Тұңғыш үндістандық сүңгуір қайық екі жылдан кейін іске қосылады

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Тұңғыш үндістандық Arihant сүңгуір қайығы толықтай жасалып болды және екі жылдан кейін әскери-теңіз қарулы күштерінің құрамына енгізіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Жаңа сүңгуір қайықтың өз алдына жүзу уақыты экипаждың мүмкіндіктеріне және кеме бортындағы қорларға сәйкес шектелетін болады. Қазір сүңгуір қайық теңізде сынақтан өтуде. Сынақ барысында сүңгуір қайық аппараттарындағы барлық желілердің жұмыс істеу қабілеті белгіленетін болады.