АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өнертану ғылымының кандидаты, профессор Тұңғышбай әл-Тарази өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Патриоттық сезіммен өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру әр адамның парызы. Сайлауға келу керек, дауыс беру керек. Мен елімді жақсы көрем. Мен мемлекетшіл адаммын. Отанымды, қазағымды жақсы көрем.Тілімді жақсы көрем. Ділім бұзылмасын деймін. Дінгеде мойынсынамын. Дін –ол идеология. Мен өнер адамымын. Өнерде идеология»- дейді Тұғышбай әл-Тарази.
Айта кетейік, Қазақстанда ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.