Тунис президенті өмірден озды

Фото: None
ТУНИС-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әскери госпитальда жатқан Тунис Республикасының президенті Бежи Каид ас-Себси бейсенбі күні таңғы 10:25-те 92 жасында өмірден озды. Бұл туралы мемлекет басшысының әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Тунис Африк Преске сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін 92 жастағыпрезиденттің ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік.

Бежи Каид ас-Себси Тунисті 2014 жылдан берібасқарып келді.

Соңғы жаңалықтар