Тунисте 14 адам тәртіпсіздіктердің құрбаны болды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Нақтыланған мәліметтер бойынша, Тунисте жаппай тәртіпсіздіктер барысында 14 адам қаза болды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Қарсылықтар жұмыссыздықтың өсуіне және елдегі экономикалық жағдайға наразылықтан туындаған. Қарсылық акциясы Тунис астанасының оңтүстік-батысында орналасқан Кассерин аймағында өтті.

Жұмыссыз азаматтар мен полиция арасындағы қақтығыс 2010 жылдың желтоқсан айында Тунистің орталық бөлігінде басталып, кейіннен басқа да аймақтарды шарпыды. Ел өкіметі орындары жағдайды реттеу үшін әскер күшін тартты.