Тунисте демонстрацияны қуып тарату кезінде ондаған адам мерт болды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Тунистің бірнеше қаласында полиция кеше соңғы үш күнде манифестанттардың қаза болуына байланысты қарсылығын қуып таратты, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Өкімет орындарының хабарлауынша, полициямен қақтығыс кезінде 20 адам қаза болды, алайда басқа дереккөздерге қарағанда, құрбан болғандардың саны бұдан екі есе көп.

Тунистегі қарсылық шеруі өткен айда 26 жастағы жоғары оқу орнының түлегі жұмыс таба алмауы себебінен өзін-өзі өртеуінен ушығып кетті. АҚШ Тунис өкімет орындарының әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді, ал БҰҰ мен Еуроодақ африкандық осы елдің басшыларын сабырға шақырды.