Тунистің Ұлттық теміржол компаниясының мәліметінше, бейсенбіде пойыз құрамдарының бірі Мегрен стансасында тұрған алыс жол жүретін жолаушылар пойызымен соқтығысты.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Зардап шеккендердің барлығы алғашқы медициналық көмек көрсетілуі үшін дереу ауруханаларға жеткізілді», - делінген компания хабарламасында.
Арнайы құрылған комиссия апат жағдайлары мен себептерін, сондай-ақ оған кінәлі тұлғаларды анықтау үшін тергеу амалдарына кірісті.