Тунис құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккендер жеңіл жарақаттар алған.
Тунис азаматтық қорғаныс өкілі Моез Треа апатқа ұшыраған пойыздың бірінің жолаушылар тасымалдағанын, ал екіншісінің бос болғаынын айтты. Оның түсіндіруінше, зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілген. Қазіргі уақытта оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.