Тунисте президент сайлауына 69 үміткер тіркелді

Фото: None
ТУНИС. ҚазАқпарат – Тунисте президент лауазымына үміткерлер саны 69 адамға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Middle East Monitor басылымына сілтеме жасап.

Франс Пресс (AFP) агенттігінің хабарлауынша, Эннахдақозғалысы ұсынған Халық өкілдері ассамблеясының бірінші вице-президентіАбдельфаттах Муру мен «Тунис аман болсын» партиясының атынан шыққанпремьер-министр Юсеф Чахед кеше таңертең кандидатурасын бекіткен.

Чахед журналистердің алдында мәлімдеме жасап, үкіметтенкетпейтінін айтты. 71 жастағы Муру да «елге қызмет ету» ниетінен қайтпайтынынбілдірді.

Елдің қорғаныс министрі Абделькарим Збиди де президенттіктенүміткер. Оны Nidaa Tounes партиясы қолдап отыр. Збиди Тунистің бұрынғы лидері,марқұм Беджи Каида Эссебсимен жиі кездесетін әрі оны көпшілік соның ізбасарыдеп атап отыр.

Ел басқарудан үміткер болып отырғандардың арасында белгілібизнесмен әрі БАҚ қайраткері Набиль Каруи де бар. Ол қаржы жымқыруда айыпталсада, кедейлерді қорғауға уәде беріп отыр.

Сайлау алдындағы үгіт 2-13 қыркүйектерге белгіленген.Тыныштық күнінен кейін сайлаушылар 15 қыркүйекте дауыс береді. Ал сайлаудыңадын ала нәтижелері 17 қыркүйекте белгілі болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар