Елдің Ішкі істер министрлігінің мәлім етуінше, Бен Әли қазірдің өзінде сайлаушылардың 90 пайыздан астамының дауысын алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап.
Биліктің басында 20 жылдан астам отырып келген президент Тунисте әділ сайлаудың өту мүмкіндігіне күмән келтірген құқық қорғаушы топтарды сайлаудың алдында қатты сынға алған болатын, деп хабарлайды Би-би-Си.