Тунисте шерушілер уақытша үкіметті таратуды талап етуде

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Туристе жүздеген адам коменданттық сағатқа қарамастан, премьер-министр әкімшілігінің жанында наразылық шеруін өткізуде, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.

Олар тағынан тайдырылған президент Бен Әлидің жақтастары жетекшілік етіп отырған уақытша үкіметтің отставкасын талап етуде. Коменданттық сағат енгізілгелі бері демонстранттар алғаш рет оған құлақ аспауда, билік әзірге күш қолданған жоқ.

14 қаңтарда Тунисте мемлекеттік төңкеріс болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Президент Сауд Арабстанына қашып кетті. Ал 17 қаңтарда жаңа Тунис үкіметі жасақталып, Мохаммед Ганнуши өз премьерлік орнын сақтап қалды. Ал парламент спикері Фуад Тунис 15 қаңтарда мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы ретінде ант қабылдады. Тунистің Конституциялық кеңесі мәлім еткендей, президенттік сайлау алдағы 60 күннің ішінде өтпек.