Өзі жаңа кабинеттің басшылығында қалды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
"Енді үкіметтегі жаңа министрлердің үшеуі ғана Тунистің бұрынғы президентінің «Демократиялық конституциялық бірлестік» партиясымен байланысты", - деп хабарлайды Associated Press. 2011 жылы 17 қаңтарда шақырылған бұған дейінгі министрлер кабинетінде аталмыш партияның 9 мүшесі болатын.
Жаңа сыртқы саясат министрі болып кадрлық дипломат Ахмед Унайес тағайындалды, ол бұған дейін Тунистің сыртқы істер министрінің жанында мемлекеттік хатшы болған. Ал жаңа қорғаныс министрі болып Әбделкерім Збилди, ішкі істер министрі болып Фархат Раджхи тағайындалды. Үш министр де ешқандай партияға кірмейтін тәуелсіз тұлғалар.
Бұл Тунистің ауыспалы үкіметінің соңғы 10 күннің ішінде ауысып отырған екінші құрамы. Алдағы 6 айдың ішінде елде парламенттік сайлау өтуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтарда Тунис президенті елден қашып кетіп, Сауд Арабстанын паналаған болатын. Биліктің ауысуына жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, қымбатшылық проблемаларына ашынған халықтың толқулары себеп болды. 2010 жылдың желтоқсан айынан бері жалғасқан наразылық шараларында 100-ден астам адам қаза тапты. Президент тағынан тайдырылған соң, билік премьер-министр Мұхаммед Ганнуши жетекшілік ететін ауыспалы үкіметке ауысты. Бірақ осының ізін ала Тунисте жаңа толқулар орын алды. Адамдар министрлер кабинетінің құрамынан экс-президенттің «Демократиялық конституциялық бірлестік» партиясымен байланысты барлық саясаткерлердің шығарылуын талап етті.