Тунисте жаңа Премьер-министр тағайындалды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Тунистің Премьер-министрі Мохамед Ганнуши оттавкаға кетті. Бұл туралы жексенбі күні елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Үкімет басшысы елде басылмай отырған наразылық толқынынан кейін осындай қадамға барып отыр. Ганнуши, бұрынғы үкіметке жақын саясат жүргізді және реформа жүргізуге қабілетсіз деп айыпталуда.

Елдің жаңа премьері болып Беджи Каид Себси тағайындалды.

Өткен жұма күні Каирде Зинеден әл-Абидин бен Әли тағынан тайдырылған 14 қаңтардан бергі ең ауқымды наразылық шарасы орын алды. Бұқаралық акциялардан кейін қала көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.