Тунистің ішкі істер министрі Наджем Гарсаллидің сөзіне қарағанда, бір топ күдікті ұсталды, алайда ол нақты қанша адамның қолға түскенін атамады.
Тунис билігі шабуыл жасаған адам Ливиядағы жиһадшылар лагерінде оқудан өткенін, не өтпегенін анықтап жатыр.
Imperial Marhaba қонақ үйінің жағажайында туристерге оқ атқан адамның қолынан 38 адам зардап шекті. Дені Британия азаматтары.
Жексенбі күні Тунисте қаза тапқан азаматтарды еске алу құрметіне Ұлыбритания премьер-министрінің резиденциясындағы және өзге де мемлекеттік мекемелердегі тулар түсірілді.
Тунистің премьер-министрі Хабиб Эссид қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін айтты.