Тунистегі теракт құрбандарының саны 37-ге жетті

АСТАНА. Туннистің Сус қаласында болған теракт құрбандарының саны 37-ге жетті. Одан басқа 36 адам жарақат алғаны анықталды, деп хабарлайды ТАСС.

Лаңкестер Сус қаласында орналасқан "Империал Мархаба" және "Совива" қонақ үйлерінің маңындағы жағажайға басып кірген. Болжам бойынша олар мұхит жақтан үрлемелі қайықпен келген. Тунис БАҚ-тары Германия мен Ұлыбритания азаматтарының қаза тапқандығы туралы ақпарат таратты.