Атап айтқанда 214 тал шығыс туясы, 59 тал америкалық үйеңкі, 69 тал шаған, 69 тал соғды шағаны, 207 тал ақтерек, 69 тал тұт ағашы, 65 тал Гиннала үйеңкісі, 262 тал қына ағашы егілді.
Аудан әкімінің орынбасары Дидарбек Жантуаровтың айтуынша саябақ аумағына егілген көшеттерді күтіп-ұстаумен облыстық экспериментальдық ботаникалық бағы айналысады.
«Сайын Шапағатов ауылындағы саябақ аумағын көгалдандыру жұмыстары 2023 жылдың күз айынан бастап компанияның демеушілігімен іске асып жатыр. Көгалдандыратын жердің жалпы аумағы – 0,7 гектар. Бұл көшеттерді күтіп ұстау үшін арнайы аумақ 2025 жылға дейін Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бағының қамқорлығына беріледі және тамшылатып суару әдісімен суаралыды», - дейді Дидарбек Жантуаров.