Түптеп келгенде тілі қазақша шықпаған балаға балабақшада да, мектепте де тіл үйрету оңайға түспейді - Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов

bsp; Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Түптеп келгенде тілі қазақша шықпаған балаға балабақшада да, мектепте де тіл үйрету оңайға түспейді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми конференция барысында «Бір тілде сөйлеу - бірлік бастауы» тақырыбында баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік тіл тарихының тап қазіргі кезеңінде бізге жалпы әңгімені қойып, нақты іске көшетін кез келді. Тілдің қоғамда кеңінен қолдануына мүмкіндік туғызу үшін бірінші міндет оны үйрету. Тілді үйретудің тетігі ең алдымен балабақша, мектеп, сосын ЖОО, сосын тіл үйрету орталықтары болып жалғаса береді. Ендеше, мемлекеттік тілді республика азаматтарының игеру ісіндегі жетістіктерімізді немесе олқылықтарымызды осы буыннан іздеу керек. Түптеп келгенде, тілі қазақша шықпаған балаға балабақшада да, мектепте де тіл үйрету оңайға түспейтіні белгілі», деді О. Мұхамеджанов.

Төрағаның айтуынша, мемлекеттік тілді түсіндірудегі бірінші мәселе баланың отбасындағы тәрбиесіне тіреліп тұр. Сонымен бірге спикер мемлекеттің міндеті тілді үйретуге жағдай жасау екендігін, ал мемлекет бұл міндетін толық атқарып отырғанын атап өтті.