Берн мен Финаут-Эмоссно қалашығы арасында 184 шақырымға созылған жарыс күнінде «Астана» велокомандасының екі шабандозы пелотоннан алға ұзап, алдыңғы топтың қатарында болды. Нәтижелі шабуылдардан кейін жарыс қорытындысында команда капитаны, итальяндық шабандоз Фабио Ару жалпы есепте сегізінші сатыға көтерілді. Оның сары жейде иесімен арадағы уақыт айырмашылығы 05' 35'' уақытты құрады.
Команданың бас менеджері Александр Винокуров ақпарат құралдарына берген сұхбатында өткен кезеңнің нәтижесіне баға беріп, өз ойымен бөлісті.
«Альпі тауларында басталған алғашқы жарыс күнін біз шабуылдан бастадық. Кеше өздеріңіз білесіздер, демалыс күні болатын, сондықтан екі шабандозымызды алға ұзаған топтың қатарына қосып, қарсыластарымыздың соңғы апта алдындағы қауқарын сынап көргіміз келді. Тауға шығу қаншалықты қиын соққанын өздеріңіз де көрген боларсыздар, Алексей өзінің мықтымын дегендермен таласа алатындығын көрсетті. Сондықтан алға ұзаған топтың қатарына қосылған шабандоздар тапсырманы ойдағыдай атқарып шықты. Иә, шабуыл жасауға ыңғайлы сәттің болмағаны рас. Фабио Арумен әлі сөйлескен жоқпын. Мүмкін қолайлы сәтті күткен болар, болмаса дәл сол сәтте аяғы сыр берді ме. Дегенмен де жалпы есепте екі сатыға көтерілдік. Сондықтан Альпі тауларындағы алғашқы күн біз үшін нашар аяқталды деп айта алмаймын. Ертең тағы бір ауыр кезең, одан кейін тағы екі кезеңді тауда өткіземіз»,- деді Винокуров.
Ал кезең жеңімпазының атағы «Катюша» өкілі Ильнур Закаринге бұйырды. 1. RUS ZAKARIN Ilnur 149 TEAM KATUSHA 04h 36' 33''
2. COL PANTANO Jarlinson 79 IAM CYCLING 04h 37' 28'' 00' 55''
3. POL MAJKA Rafal 37 TINKOFF 04h 37' 59'' 01' 26''
«Астана» комадасының 17-ші кезеңнен кейінгі жарыс нәтижесі:
14. ITA ARU Fabio 21 ASTANA PRO TEAM 04h 44' 51'' 08' 18''
21. EST KANGERT Tanel 25 ASTANA PRO TEAM 04h 45' 44'' 09' 11''
30. KAZ LUTSENKO Alexey 26 ASTANA PRO TEAM 04h 48' 48'' 12' 15''
32. ITA ROSA Diego 27 ASTANA PRO TEAM 04h 50' 27'' 13' 54''
39. ITA NIBALI Vincenzo 22 ASTANA PRO TEAM 04h 53' 13'' 16' 40''
46. DEN FUGLSANG Jakob 23 ASTANA PRO TEAM 04h 58' 20'' 21' 47''
61. ITA TIRALONGO Paolo 29 ASTANA PRO TEAM 05h 02' 48'' 26' 15''
66. ESP SANCHEZ GIL Luis-Leon 28 ASTANA PRO TEAM 05h 02' 48'' 26' 15''
72. UKR GRIVKO Andriy 24 ASTANA PRO TEAM 05h 06' 59'' 30' 26'' Жалпы есепте «SKY» өкілі Кристофер Фрум көш бастап келеді. «Астана» комадасының капитаны Фабио Ару уақыт айырмашылығын қысқартып, сегізінші сатыға көтерілді. Жеңімпазбен арадағы уақыт айырмашылығы - 05' 35''.