«Астана»командасының капитаны Якуб Фульсангтың құлап қалғаны спортшыларға үлкен соққыболды. Сол себепті, велошабандоздар жекелеген кезеңдерде жақсы нәтиже көрсетуүшін барын салуда.
Кеше Горка Исагирреалтыншы орыннан көрінсе, бүгін Луценко үздік үштікке енді. Алексей «Тур деФранс» додасында үнемі алдыңғы шептен көрініп жүрген болатын. Бүгінүздіктер қатарына еніп, жанкүйерлерді қуантты.
«Астана»командасының өкілі 208 шақырымға созылған таулы кезеңді жақсы жүріп өтті. Олтактикалық тұрғыдан да қателік жіберген жоқ. Мәре сызығын бірінші жәнеекінші болып сәйкесінше, колумбиялық Наиро Кинтану мен француз Роман Бардекесіп өтті.