«Тур де Франс» көпкүндігінде «Astana Pro Team» командасы төртінші орын алды

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат - Францияда 30 маусым мен 22 шілде аралығында велоспорттан 99-шы «Тур де Франс» көпкүндігі өтті.

 Қазақстанның «Astana Pro Team» командасы бұл дүбірлі додада командалық есепте «RadioShack-Nissan»,  «Sky Procycling»,   «BMC Racing Team» командаларынан кейін төртінші орын алды. Жекелей сында негізгі жіктелімде «астаналықтар» сапынан словениялық Янец Брайкович 9-шы, қазақстандық Александр Винокуров 31-ші, швециялық Фредрик Кесьякофф 40-шы, украиналық Андрей Гривко 43-ші, қазақстандық Дмитрий Фофонов 63-ші, Андрей Кашечкин 78-ші, Максим Иглинский 116-шы,  словениялық Борут Бозич 129-шы орын алды.