«Астана» клубы Астанаға келе жатыр! Бірнеше күннен кейін елордаға «Тур де Франс» жеңімпазы, «Астана» командасының капитаны - Винченцо Нибали, сонымен қатар көпкүндіктің 21 кезеңі бойы оны жетелеп келген Микеле Скарпони, Якоб Фульсанг, Дмитрий Груздев пен Максим Иглинский ат басын тіремек», - деді Ж.Өтешева.
Оның айтуынша, «Astana Pro Team» 23 тамыз күні Бурабайда велобәйгеге қатысады. Ал 24 күні өз өнерлерін астаналықтарға паш етеді.