Тур де Франста селфиге түспек болған жанкүйердің кесірінен спортшылар апатқа ұшырады

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Тур де Франстағы апат – әдеттегі іс, бірақ жексенбідегі 15-ші кезең ерекше болды. Себебі, жанкүйерлердің бірі селфи түсірмекші болғанда бірнеше жарысушы құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Оқиға сөреден 129 км қашықтықта болды. Жарысушылар Ле-Же-ле-Порт-дю-Солейден Сен-Жерве-Монбланға бара жатты.

Eurosport телеарнасы тікелей эфирде жарысушылардың бірі жарысты бақылап тұрған көрерменнің кесірінен тепе-теңдікті сақтай алмағанын айтты.

«Біреу жолдың бойында селфи жасады», - деді телеарна комментаторы Дэн Ллойд.

«Біреу жарысушылардың жолын кесіп, суретке түспекші болып алысқа қарай кетіп қалды. Біреудің қолы иығына тиіп кетті, содан бәріміз құладық», - деді кейін Карлтон Кирби Eurosport телеарнасына.

Селфи әуесқойымен оқиға салдарынан Team Jumbo-Visma жарысушысы Зепп Кусс құлап, оның артында келе жатқан басқа қатысушылар да жығылған.

Кезең қайта жалғасып, зардап шеккен жарысушылар өз велосипедттеріне отырған.