Жеңімпаз суперкөпкүндік жарыстың Бельгияның Бенше қаласынан Францияның Лонгвиіне дейінгі жалпы ұзындығы 220 шақырымға жуық ең ұзын бөлігінде бірінші болып мәреге жетті.
23 жастағы словениялық спортшыға «Тур де Франстағы» сары жейде биыл алғаш рет бұйырды.
Мәре сызығын екінші болып австралиялық Майкл Мэттьюс кесті. Үздік үштікке сондай-ақ француз спортшысы Давид Годю кірді.
Словениялық спортшы алты кезеңнен кейін жалпы есепте көш бастап тұр.
Америкалық спортшы Нилсон Паулесс одан 4 секундқа қалып келеді.
Беделді веложарыстың жетінші кезеңі Францияның Вогеза тау сілемінде өтеді. Ондағы қашықтықтың ұзындығы 176 шақырымнан асады.