«Тур де Ски» көпкүндігіне қатысатын қазақстандық шаңғышылар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Швейцарияның Ленцерхайд қаласында шаңғымен жарысудан «Тур де Ски» көпкүндігі басталады. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан атынан төмендегі шаңғышылар сынға түседі:

Виталий Пухкало, Евгений Величко, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга.

Әлемдік турнир 4 қаңтар күні аяқталады.