Тұрақсыз геосаяси жағдай: «Астана-Дубай» рейстері кешіктірілуде
10:28, 14 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты КС 205/206 Астана-Дубай-Астана және Алматы-Дубай-Алматы KC897/898 рейстері кешіктірілуде, деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.
"Ұшудың алдын ала уақыты бүгін 15.00-де күтілуде.
Жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Air Astana компаниясының Дубай мен Жиддаға рейстері Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп орындалатын болады.
Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалайды және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізетін болады" делінген хабарламада.