Алматы тұрғындары троллейбус көлігін тазалығы үшін жақсы көреді. Кей кездері жолаушылар діттеген жеріне басқа көліктен гөрі тез жетеді.
Алайда, электр көлігі жолда қалып қойып, кептеліс тудыратын жағдай да жиі кездеседі.
Көбіне жарық өшіп қалады немесе штангалар қатынас желісінен шығып кетеді.
Жақында интернет пайдаланушылары арасында әжелердің троллейбус итеріп жүргені туралы видео қызу талқыланды.
Электр көлігінің «ыңғайсыздығы» туралы «Green Bus Almaty» директоры айтып берді.
«Шынымен де соңғы уақытта қатынас желілерінде үзілу жиі болып тұрады. Бұл апат болған жерде электр желісін өшіруге мәжбүрлейді. Оның себебі көп жылу желілерінде жөндеу жүреді. Жолдар жөнделіп жатқан соң барлық дерлік троллейбустардың маршруты өзгерген. Троллейбус желілері көшірілген, қысқартылған. Бұл уақытша желілер, сондықтан жиі үзіледі», - деді Бауыржан Кулишев.
Оның айтуынша, онсыз да желісі жетпей келе жатқан троллейбустарға тұрақтағы көліктер кедергі келтіреді.
Жолдың ортасында тұрған көліктердің кесірінен троллейбустар ұзақ уақыт шыға алмай тұрып қалады.
«Сол жерге полиция шақырамыз. Бірақ, сонда да алтындай уақытым кетеді. Графиктен қалып қоямыз», - деді Кулишев.
«Green bus» ЖШС басшысы жөндеу жұмыстары біткен соң троллейбустардың апатты тоқтауы тыйылатынын айтты.
Бүгінгі таңда троллейбус паркінде 212 көлік бар. 2016 жылдың қарашасында Алматы әкімі Бауыржан Байбек троллейбус желілерін жөндеуге 5,5 млрд теңге бөлінгенін айтқан еді.