Тұрақты дамудың жаңа парадигмасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жыл «Ұлт Жос­пары - қазақстандық ар­ман­ға бастайтын жол» атты Елбасы ба­ғ­­дары­­нан бас­тау алды. Онда Президент еліміз Тәуел­сіздіктің 25 жылды­ғына қадам баса отырып, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының негізгі мақсаты мен «бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақ­ты қадамымен» тең саналатын қазақстандық арманды құруға бет алғанымыз туралы атап өтті.