«Қазақстан экономикасының ең күшті жағы тұрақты макроэкономикалық ахуал. Ал келешігі ең кемелі стратегиялық жоспарлаудың жоғарғы рөлі. Оған - 5, 10, 15, 20 және 30 жылдық стратегиялық даму бағдарламалары айқын дәлел бола алады», дейді Серік Аханов. Оның айтуынша, ел экономикасындағы ең үлкен қатер қазір аурулардың әртүрлі симптомдары болып отыр. Оларды дер кезінде емдеп, жою қажет. Сондықтан ұлттық экономика мен мемлекеттік басқарудың - әлсіз, қатерлі, күшті және келешегі зор 4 жағы ғылым ғана емес өнер. Егер әлсіздікті жойып, төніп келе жатқан қауіп-қатер бұлтын дер кезінде сейілтіп теңдестіріп отырсақ жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік мол. Өйткені Қазақстан 2007 жылғы 17 тамыздағы әлемдік қаржы дағдарысы басталғанға дейін жыл сайын 10 пайыздық дамуға қол жеткізген әлемдік үздік бес елдің қатарында болды.
14:32, 14 Сәуір 2011
Тұрақты макроэкономикалық ахуал Қазақстан экономикасының басты артықшылығы - Серік Аханов
sp;АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан экономикасының ең әлсіз жағы тауар, технология және құрал-жабдық импортына тәуелділігі. Оны Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Серік Аханов Алматыда өтіп жатқан 7 Халықаралық тәуекел-менеджменті конференциясында айтты.