деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бұл шара, сөз жоқ, Ассамблеяның беделін арттырады. «Сонымен қатар, этникаралық және конфессияаралық татулықтың қазақстандық үлгісін кеңірек тарату қажет. Тап осы мақсатта еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығын тиімді пайдалануға болады. Халықаралық ұйымға төрағалық ету барысында біз этникаралық және конфессияаралық келісім мәселесіне баса назар аударатын боламыз. Бұл фактор Қазақстанның «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында да айқын көрсетілген. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері еліміздің осы бағыттағы тәжірибесін өзге тілде жазып, түрлі оқулықтар түрінде таратуы керек», деді Елбасы.