АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы бұрын жабылған учаске, сондай-ақ Ұлы Дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске әуежайдан қалаға қарай ашық. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.
Осы жылдың 23-25 мамыр аралығында Тұран даңғылының екінші жағы Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде қала жағынан әуежайға қарай жабылады.
Бұл ретте Тұран даңғылы-Хусейн бен Талал көшесі мен Тұран даңғылы-Ұлы Дала даңғылының қиылысы ашылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)