Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
08:35, 07 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тұран даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 6-12 мамыр аралығында жабық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты 6-12 мамыр аралығында Бұқар жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде көлік құралдары үшін екі жақты қозғалыс толығымен жабылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.