«Тұран» футбол клубынан бірден алты ойыншы кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Түркістандық «Тұран» футбол клубының құрамынан бірден алты ойыншы кетті.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Екі жақтың келісімі бойынша беларусьтік ойыншылар — Руслан Юденков, Игорь Стасевич, Василий Совпель және Егор Хаткевич командадан кетті, — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ команда сапынан черногориялық Йован Пайович пен Горан Милойко «Тұран» сапынан кетті.
Бұл ойыншылар биыл «Тұран» сапына қосылған еді. Қаржы мәселесінің туындауына байланысты олар түркістандық клуб сапынан кету жөнінде шешім қабылдады.
Ал «Тұран» футбол клубының бас бапкері болған Виталий Жуковский және оның көмекшілері Павел Плют пен Андрей Мисюк өз қызметін тоқтатты.
Екі жақтың келісімі бойынша тараптар ортақ шешімге келіп, бапкерлік штабпен келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Еске салсақ, Виталий Жуковский «Атырау» сапына қайта оралды.