«Тұран» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
10:14, 07 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы сәтсіз нәтижелерге байланысты «Тұран» футбол клубының бапкерлік штабында өзгерістер болды.
«Тұран» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бас бапкер Әбдіхалық Бөрібаев пен оның көмекшісі Артур Авакянц қызметінен кетті.
Түркістандық клуб премьер-лигада 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында келеді.
Бірінші лигаға түсіп қалу қаупі төнген команда өткен турда Талдықорғанда «Жетісудан» 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Түркістандықтар келесі ойынын 9 тамызда Атырауда жергілікті клубпен өткізеді. «Атырау» 9 ұпаймен көш соңында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Қайрат» өз алаңында «Слованнан» басым түскенін жазған болатынбыз.