«Тұран» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

Фото: «Тұран» ФК

АСТАНА. KAZINFORM – Виктор Кумыков «Тұран» клубының жаңа бас бапкері болды. Бұл туралы аталған клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

62 жастағы бапкер енді түркістандық «Тұран» клубын баптайды. 

Кумыков өткен маусымда «Қайсар» клубын жаттықтырған болатын. Ол уақытта қызылордалық команда сапында тек қазақстандық футболшылар доп тепкен еді. 

Айта кетсек, Виктор Кумыкова жергілікті жанкүйерлерге қарағандылық «Шахтер» командасындағы жұмысымен танымал. Бұл маманның жетекішілігімен «Шахтер» 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанса, 2013 жылы Қазақстан Суперкубогын, 2013 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ Кумыковпен қарағандылық команда Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Бегайым Қырғызбаеваның Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын хабарлаған еді.