«Тұран» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-лигада өнер көрсететін «Тұран» футбол клубының бас бапкері Сергей Когай қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тараптардың өзара келісіміне сәйкес қазақстандық маманмен келісімшарт мерзімінен бұрын үзілді.

Тағы бір қазақстандық маман Александр Кучма бас бапкер міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді. Ол команданы 4 қыркүйек күні Шымкентте «Ордабасымен» өтетін ойынға дайындайды.

«Тұран» біріншілік кестесінде 16 ұпаймен 13-орында келеді, яғни қауіпті аймақта тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қайратты» жеңген «Ақжайықтың» Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Фото:instagram.com/fc.turan