«Автобустардың көбін лизингіге алды да, наурыз айынан бері тоқырап, тоқтап қалды. Елдегі экскурсияларға, экскурсиямен айналысатын компаниялардың жағдайларына бір назар аударып қойыңыздар», - деді Қайрат Сұлтанов туристік сала мәселелері бойынша өткізілген онлайн баспасөз мәслихатында.
Қауымдастық басшысы карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін бұл мәселені реттеуге болатынын жеткізді.
«Қанекей, 17 тамыздан кейін-ақ мәселені реттеуге тырысайықшы. Бір-екі, үш күндік болсын балаларға арналған экскурсияны ұйымдастырайық. Лагерьлерді ұйымдастыру қиын болса экскурсиялық жұмысқа назар аударалық. Балалар ешқайда шыққан жоқ. Оқу жылы басталар алдында балаларды бір демалдыру керек», - дейді Қайрат Сұлтанов.