«Мерекеге келген қонақтарды өз өнерімен қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қуантады. Этномәдени бірлестіктердің шатырларында мегаполисте тұратын әр халықтың тарихы мен салт-дәстүрі таныстырылады», - делінген хабарламада.
Мерекелік концертте «Сарын» тобының орындауындағы әндер мен 300 адамның қатысуымен орындалатын «Қазақстан ортақ үйіміз!» хореографиялық қойылымы болмақ. Сондай-ақ, Әлішер Кәрімов сынды бірқатар танымал эстарада жұлдыздары өнер көресетеді.
Оған қоса, концертке Турецкий хорының ұжымы қатысады, олар қазақ тіліндегі композицияларды орындайды.