Турецкий хорына «халық караокесі» идеясын Н. Назарбаев ұсынған (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Н. Назарбаев Турецкий хорына «халық караокесі» идеясын ұсынған.

ҚР Президенті Н.Назарбаев Турецкий хорына Теміртауда өткен мерекелердің бірінде «халық караокесі» идеясын ұсынған. Бұл туралы Ресейдің халық әртісі, атақты хор ұжымның басшысы Михаил Турецкий.

«Халық караокесі идеясы қалай туды? Сіздердің президенттеріңізбен ән айту мүмкіндігіне бірнеше рет ие болдық. Нұрсұлтан Әбішұлы ән салғанды жақсы көреді және тамаша айтады. Мысалы, Теміртаудағы мерекелердің бірінде біз Назарбаевпен «Заречный көшесіндегі көктем» кинофильміндегі әнді орындадық. Қазақстанда бұл әнді жақсы көретінін ұқтық. Нұрсұлтан Әбішұлы сол кезде, бұл әндерді халықпен бірге орындау қажеттігін айтқан болатын», - деді М. Турецкий Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында.

Турецкий хоры 29 сәуірде таңертең шахтерлер қаласына келді. Қарағандылықтар елде бірінші боп «Ән мерекесі» ұжымының жобасына қатысты. Кешке орталық саябақ жағалауында тегін концерт ұйымдастырылады.

«Бізде «халық караокесі» деген өнер бар. Бұл үлкен аудитория жиналған кезде болады. Алғаш рет мұндай мерекені «Поклонная гора» жартасында өткіздік. Сонда халықпен ән айту біздің тақырыбымыз екенін ұқтық», - деп атап өтті М. Турецкий. - Ресейде мұндай ән мерекесі оншақты рет үлкен және шағын қалаларды өткізілді. Міне енді Қазақстанға келдік. Біздің бұл турымыз Қазақстан халықтары бірлігі күніне тура келіп отыр».

«Ән мерекесі» Қазақстанның бес қаласында өткізу жоспарланған: 29 сәуірде - Қарағандыда, 30 сәуірде - Өскеменде, 1 мамырда - Алматыда, 2 мамырда - Шымкентте, 6 шілдеде - Астанада.