«Туристік фирманың қызметіне жүгінген туристке міндетті түрде туркод берілуі керек. Яғни, ол чартерлік рейспен ұшты ма, ұдайы ұшатын рейске отырды ма, оған қарамастан, оған туркод берілуі керек»,-деп хабарлады телефон арқылы «Туристік Қамқор» қорының төрағасы Инна Рей.
Бұл туристік фирма шетелдік туризм саласындағы кепілдендірілген құқық жүйесінің әкімшісі.
Егер де, қандай да бір себептерге байланысты, туристік фирма туркод беруден бас тартса, И.Рей осы қорға хабарласып, операторға мәселенің мән жайын жеткізуді тапсырды.
Айта кетейік, 2016 жылдың 7 қарашасынан бастап іске қосылған жүйе қазақстандықтар Шарджа әуежайынан ешқайда шыға алмай қалған кезде, яғни, 31 желтоқсан күні алғаш рет қиындыққа тап болды.
«Шарджа әуежайына қазақстандықтарды алып барған әуекомпаниясы ауа райына байланысты, рейсті алып тастады. «Туристік Қамқор» қоры міндетті мойнына алып, тығырыққа тірелген азаматтарды алып келді»,-деп түсіндірді Т.Рей.
Қазір бұл қорға 55 компания қосылған. Ирина Рей туристік компаниялардың қорға қандай қаражат салғанын жария еткен жоқ.