ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық денсаулық саласының ардагері Тұрғанбай Маханов әлемді жайлаған індетті жеңудің жалғыз жолы - вакцина екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол тұрғындарға екпе салдырудан еш қорқудың қажеті жоқ деп санайды.
«Бір жылдан асты індет күресіп келе жатырмыз. Бұл коронавирус инфекциясы басқа вирустарға қарағанда өте қауіпті. Алайда індетпен қалай күресеміз? Бұның ғылыми жолдары бар ма? Әрине бар. Осы уақытқа дейін таралған вирустың барлығын ғылыми жолмен тоқтатқан. Екпе ұжымдық имунитетті қалыптастырады. Екпені жасатуымыз керек. Бұдан қорқатын қауіп жоқ. Кез-келген вакцинаны 99 адам жақсы қабылдап, біреуіне кері әсер етуі мүмкін. Бірақ сол үшін жаппай екпеден бас тарту дұрыс емес. Індетпен бірге күресейік. Сақтық шараларын сақтап, өз денсаулығымызды күтейік», - деді Тұрғанбай Маханов.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.