«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, эскроу-шот – клиент айқындаған шарттардың басталуына немесе орындалуына дейін банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға үшінші тұлғаның құқығын шектей отырып, клиент осы тұлғаның атына ашатын ағымдағы шот немесе жинақ шоты. Сонымен қатар, «эскроу-шоттар» тетігін енгізу мүдделі мемлекеттік органдармен егжей-тегжейлі пысықтауды талап ететіндіктен, министрлік Ұлттық банкі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қаржы министрлігіне өз ұстанымдарын беру туралы хат жолдады», - делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы Иран Шарханның жауабында.
Сондай-ақ, ол аталған тетікті енгізу үшін Қазақстанның бірқатар заңнамасына, оның ішінде Азаматтық кодекске өзгерістерді енгізу қажет екенін атап өтеді.
«Бұл ретте, «эскроу-шоттарды» пайдалану тұрғын үй құрылысы нарығына тікелей әсер етеді және кейіннен бастапқы нарықта жылжымайтын мүлік бағасының өсу тәуекелдері болуы мүмкін. Бұл үлестік құрылыстың инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай төмендетеді және сатып алу қабілетіне теріс әсер етеді. Осыған байланысты, министрлік «эскроу-шоттарды» енгізу мәселесі егжейтегжейлі пысықтауды және мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан жан-жақты қарауды талап етеді деп санайды», - деді ол.