— Құрылыс салушылар тұрғын үйді сатқан кезде ҚҚС босатудың қолданыстағы режимін сақтау мәселесі көтерілді. Біз бұл мәселені әрі қосымша талқыладық. Біздіңше, қазіргі жеңілдіктер тұрғын үй құнының төмендеуіне әсер етпей отыр. Шын мәнінде, құрылыс салушының маржасын арттыруға ықпал еткен. Динамикаға қарайтын болсақ, бізде құрылыс материалдары бағасының өсімі 106%, ал тұрғын үй бағасының өсу динамикасы 116%, — деді Азамат Амрин.
Еске салсақ, 9 сәуір күні Парламент Мәжілісі Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді палата осы құжат жобасы аясында ұсынылған қосымша бастамаларды екінші оқылымға дейін талқылайды.