Оның айтуынша, өрттің шығуына жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау және отпен абайсыз әрекет ету де себеп болады.
— Тұрғын үйлердегі өрттің 20–25 пайызы жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, ал 18–20 пайызы отпен абайсыз әрекет етуден шығады, — деді Руслан Қайрақбаев.
Ол темекіні абайсыз шегу, пешке қойылған тамақты қараусыз қалдыру және балалардың отпен ойнауы да өртке себеп болатынын атап өтті.
ТЖМ өкілінің айтуынша, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту маусымы қарсаңында тұрғындарға электр сымдары мен жылыту пештерінің жарамдылығын тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескерткен еді.