Оларды белгіленген орыннан арнайы пунктке тасымалдау үшін жергілікті әкімдіктен 60, ТШО компаниясының мердігер мекемелерінен 20 автобус жұмылдырылды.
Қазір 2400-ден астам тұрғын эвакуациялық пунктке жеткізілді. Бұдан бөлек азаматтар вахталық кешенге де орналастырылады. Олар ыстық тағам мен сусын түрлерімен қамтылды. Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.