Тұрғындарға ескерту: Алматыда Mass Alert жүйесі сынақтан өткізіледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының ТЖД тұрғындарға үндеу жасады.

Фото: Алматы әкімдігі

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 маусым сағат 11:00-де Медеу ауданының «Мұзтау» шағын ауданында Masalert халықты құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізу мақсатында іске қосу жұмысы жүргізіледі.

- Іс-шара жоспарлы түрде өткізіліп, төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты хабардар ету тәртібін пысықтау және құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылады. Назар аударыңыздар, тексеру жұмыстары жоспарлы түрде өтеді. Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі 2024 жылы енгізілген болатын.