Тұрғындармен кездесулер тұрақты, бірақ әртүрлі форматта өтеді – Алматы әкімі

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарына, мұндай кездесулердің жүйелі түрде өтетінін жеткізді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Мен Алматы тұрғындарымен кездесу өткізуді тоқтатқан жоқпын, кездесу форматы өзгерді. Әр тоқсан сайын аудандарға барамын. Жылына екі рет аудандарда жүзбе-жүз кездесулер болады және өткен жылдың төртінші тоқсанындағыдай екі рет тиісті орындарға барып, нақты мәселелерді шешеміз. Сондықтан, уәде етілгендей, мен әр ауданның тұрғындарымен жиі кездесіп отырамын», - деді шаһар басшысы.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылы Ерболат Досаев 8 ауданның тұрғындарымен 32 кездесу өткізді.