Тұрғылықты жері бойынша қалай онлайн тіркелуге болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркелу сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Халыққа «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркелу де қолжетімді. Өтінім үйден немесе кеңседен шықпай-ақ он-лайн режимде жолданады, оның есебінен ХКО-ға баруға кететін уақыт үнемделеді.

Тұрғын үй иесіне өтінімді жолдау үшін Порталға жеке кабинетке кіру қажет, тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметін және тіркелген мекенжайын (елді мекен, көше, үй және пәтердің нөмірі) таңдайды. Бұдан кейін жеке кабинетке тіркеудің аяқталғаны туралы хабарлама түседі.

Егер, өтініш иесі тұрғын үйдің иесі болып табылмаса, оған тұрғын үй иесінің жеке кабинетіне тұрғылықты жері бойынша тіркелуге келісім алу үшін өтінім жолданады.

Осы жылдың 9 айына жаңа форматта, артық құжаттарды талап етусіз «электрондық үкімет» порталы арқылы 47,5 мың азамат тіркелген, оның 29,7 мыңы - тұрғылықты жеріне, 17,7 мыңы - уақытша болатын жері бойынша тіркелгендер.

Сондай-ақ осы кезде министрлік тарапынан: портал арқылы балаларды тіркеу (баланың тууын тіркеген кезде біруақытта ол ата-анасының тіркелген мекенжайы бойынша тіркеледі), ұялы телефонға хабарлама жолдай отырып уақытша тіркеу мерзімін ұзарту, портал арқылы тіркеуді жеңілдету үшін электрондық-цифрлік қолтаңбаның баламасы ретінде (СМС-хабарлама) бірретік парольді қолдану сияты мәселелер пысықталуда.