Тұрғымбаев полицейлердің видеотіркеуішпен жұмыс процесі туралы айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев жол-шолғыншы полицейдің де, жүргізушінің де барлық әрекетін таспаға түсіретін видеотіркеуіш жазбаларының қалай сақталатындығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері видеотіркеуіштерді кезекшілік бөлімнен алып, кешке оны қайтадан тапсырып отырады.

«Олардағы мәліметтерді жүктеуді полицейлердің өздері емес материалдық-техникалық қамтамамыз етуге жауапты тұлғалар жүзеге асырады. Түсірілген барлық жазба мұрағатталады. Егер жүргізуші полицияға шағымданатын болса, онда біз оны кез келген уақытта алып, көруге мүмкіндігіміз бар», - деді ол Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол ағымдағы жылы «Жол қозғалысы туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігін еске салды. Аталған заңда жанжал туындағанда немесе полицейдің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда жүргізушіге видеотүсірілім жасауға құқық берілген. соның арқасында видеотіркеушісі бар полицейдің іс-әрекетіне шағымданатын және арызданатын азаматтардың саны тыйылды десек те болады.

«Жылдың соңына дейін жол-шолғыншы полицейлерді 100 пайыз видеотіркеуішпен қамтамасыз етеміз. Өйткені, олар негізінен азаматтармен кездесіп, әкімшілік жаза қолданады. Жол қауіпсіздігі бағытында осы жылдың ішінде шамамен миллионға жуық хаттама жасалды. Әрине, даулы мәселелер де туындайды. Әрбір жүргізуші полиция әрекетінің заңдылығына дауласуға тырысады. Сондықтан да видеотіркеуіш полицейдің де, жүргізушінің де іс-әрекетін еш кедергісіз тіркейтін құрал болып отыр», - деді Тұрғымбаев.