Бүгін ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді.
Елбасы хабарлағандай, соңғы 10 жылда еліміздегі тұрғын үй қоры 30 млн. шаршыметрге ұлғайды. «Бұл 1 млн.-нан астам адамның жаңа пәтерге кіргендігін білдіреді», - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Осы орайда еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық сала нысандарын жөндеу жұмыстарының қажеттілігіне тоқталған Елбасы: «Мен Үкіметке ортақ мүлікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын кеңінен қаржыландыру тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Осы арқылы біз еліміздегі тұрғын үй жағдайын жақсартып қана қоймай, азаматтардың өз мүліктерін сақтау жауапкершілігін арттыра аламыз», - деді.