Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және дамыту бағдарламасына 300 миллиард теңге бөлініп отыр - Ғалым Әміреев

None
ЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру мен дамытудың 2010-204 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырыла бастайды. Бұл туралы бүгін Алматыда «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығындағы жаңа көрме маусымының ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010-2014 жылдарға арналған ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және дамыту жөніндегі бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлініп отыр. Биылдан бастап су, жылу құбырларын жаңарту басталады. Оған жаңа технологиялар қолданылатын болады. Ілкі жобаға 1,5 миллиард теңге қарастырылған. Онда 4 бағыт бар. Олар - техникалық негіздеме жасау, тәжірибелік жұмыстар жасау, патенттеу және технологияны сатып алу», дейді Индустрия және сауда министрлігінің Инновациялық саясат департаментінің директоры Ғалым Әміреев. Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс. Онда жаңа технологиялар сатып алуға арнайы гранттар қарастырылған. Республикалық бюджеттен тікелей бөлінетін қайтарымсыз бұл қаражат кәсіпорындарды қолдауға бағытталып отыр.