Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелерді жетік білген «Хан Шатыр» орталығының келушілері сыйлыққа ие болады

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде «Тиімді меншік иесі» мен энергия үнемдеу - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты нәтижелі жаңғыртудың негізі» атты жалпы республикалық акциясы аясында Астана қаласындағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Сұрақ-жауап» викторинасы өтеді.

Аталған  акция 2012 жылғы мамыр айында басталды. Оның басты мақсаты - еліміздің тұрғын үй саясатын түсіндіру және тұрғын үй қатынастары субъектілеріне кеңес беру. Тиімді меншік иесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалаудағы маңызды буын болып табылады. Тек сол ғана көппәтерлі тұрғын үйдің жай-күйін қалай жақсартуға болатындығын, басқарушы компаниялар мен пәтер иелері кооперативтерінен ортақ үй мүлкін тиісінше басқаруын қалай талап ететіндігін шешіп, сол арқылы басқарушы және сервистік компаниялардың кәсіптік нарығын дамытуға септігін тигізе алады.

Викторинаға «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына келушілер қатысады. Олар жүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның тұрғын үй саясатының негізгі өлшемдері туралы өз білімдерін тексере алады. Дұрыс жауап берген әрбір қатысушыға сыйлық беріледі.Сондай-ақ, барлық ойын қатысушыларына тиімді меншік иесі мен энергия үнемдеу әдістері туралы ақпараттық парақшалар таратылатын болады.

Шараны ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Нұр Отан» ХДП, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» бірлестігі, «Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялары қауымдастығы» бірлестігі, БҰҰ даму бағдарламасы ұйымдастырады.